Жыл басынан бері 4100-ден астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері 4100-ден астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелді

25.11.2024

Жыл басынан бері Астана аумағында 4100-ден астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелді. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 730 факті бойынша қылмыстық іс ашылып, сотқа жіберілді. Елді сан соқтырған 67 адамға жаза тағайындалып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Мамандардың айтуынша, алаяқтар 3 миллиард теңгеден астам қаражат жымқырған. Оның 424 миллион теңгесі қайтарылды. Әккілер өздерін банк, құқық қорғау органдары немесе ұялы байланыс операторы ретінде таныстырып, азаматтарды алдаған.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу