Газа секторында Израильдің шабуылдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 44 мың 200-ден асты. Ал жараланғандар 105 мыңға жақындап қалған. Мұны осы анклавтың денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Құрбандардың 35-і өткен тәулікте мерт болыпты. Газа секторында қарулы қақтығыс былтыр 7 қазанда басталды.
Сол күні «хамастықтар» еврей мемлекетінің оңтүстігінде 1200 адам өлтіргеннен кейін Израиль «Хамасты» жоюға кірісті. Бірақ бұл әскери операциядан сектордағы қалалардың күл-талқаны шығып, бейбіт халық қырғынға ұшыратып жатыр.
Арыстан Рысбек