Шымкентте оқушылар арасында қылмыс өршіп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте оқушылар арасында қылмыс өршіп барады

25.11.2024

Шымкентте мектеп оқушылары арасында қылмыс өршіп барады. Биыл 142 заңбұзушылық тіркелген. Қылмыстың дені ұрлық пен жасөспірімдердің бір бірін соққыға жығуы, бұзақылық. Мамандар мұның басты себебі балалардың ата-ана қаруынсыз қалғанынан деп отыр. Мәселен жыл басынан бері өткізілген рейдтік тексерулер кезінде полицейлер беймезгіл уақытта жылғыз жүрген 5 мыңнан астам баланы анықтаған. Кәмелет жасына толмағандарды жиі қылмысқа итермелейтін жәйттердің бірі – есірткі саудасы. Көбі оңай табыс табуға ұмтылады. Ақыр соңы қылмысқа апарады. Сондай-ақ наркологиялық орталықтың арнайы есебінде тұратын жасөспірімдер саны 8 есеге өскен. Оқушылардың өз өзіне қол жұмсауы да жиілеген.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу