Бүгін таңертең Литва астанасы Вильнюс әуежайына қонарда «Боинг» ұшағы апатқа ұшырады. Жүк таситын әуе машинасы DHL компаниясына тиесілі. Ол Германияның Лейпциг қаласынан келіп, екі қабатты үйдің ауласына түсіп, отқа оранған. Борттағы төрт адамның бәрі табылды. Олардың біреуі қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілді. Апаттан зақымданған үйде төрт пәтер болған. Ондағы 12 адам эвакуацияланды.
Арыстан Рысбек