Түркияның Анталия қаласындағы әуежайда ұшақ өртенді. Сочи-Анталия бағытындағы ұшақтың бір қозғалтқышынан өрт шығып, шұғыл жерге қонған. Ұшақ қона салысымен оның бортындағы 89 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі эвакуацияланды.
Отқа оранған лайнерден адамдардың барлығы аман есен шығарылған. Қайтыс болғандар мен жараланғандар жоқ. Өрт сөндірушілер бірден жалынды ауыздықтап, ұшақтың толық өртенуінің алдын алды.
Апаттың кесірінен Анталия халықаралық әуежайы бірнеше сағатқа жабылды. Өртенген ұшақтың бортында Түркия мен Ресей азаматтары болған.
Айдос Әшімұлы