Пойыздардың кешігуі – жөндеу жұмыстарына байланысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пойыздардың кешігуі – жөндеу жұмыстарына байланысты

26.11.2024

Соңғы уақытта тұрғындар тарапынан пойыздардың кешігуіне қатысты шағым көбейген. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов осы жағдайға байланысты қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы «Қазақстан темір жолы» төрағасынан сұрады.

Компания басшысы Нұрлан Сауранбаев пойыздардың кешігуі жол жөндеу жұмыстары мен жолаушылардың қауіпсіздігіне байланысты деді. Оның айтуынша, соңғы жылдары оператор жол жөндеу жұмыстарын 2 есе көбейткен. Сондықтан бұл жағдайға түсінікпен әрі кешіріммен қарауды сұрады. 

Темірлан Нұрсолтан

Хабарламаларға жазылу