Астанадағы LRT станцияларының негізгі құрылысы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы LRT станцияларының негізгі құрылысы аяқталды

26.11.2024

Астанадағы LRT станцияларының негізгі құрылысы аяқталды. Ал келер жылдың соңында жоба іске қосылады. Қала әкімдігі осылай деп отыр. Ал, көпшілік ұзақ жылдар күткен LRT қолданысқа берілсе қандай болады? Жүрдек пойыз қалай жүйткиді? Жасанды интеллекті көмегімен жасалған LRT міне осындай. Жалпы LRT желісі 18 станциядан тұрады, олардың 11-і жердегі және 7-і жер үстіндегі станция. Жер үсті станциялары Сығанақ, Шәмші Қалдаяқов және «Нұрлы жол» теміржол вокзалы ауданында орналасқан. Станцияларға кіру үшін жер үстінен өтетін өткелдер қарастырылған.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу