Түркістан облысында заңсыз көші-қонмен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында заңсыз көші-қонмен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

27.11.2024

Түркістан облысында заңсыз көші-қонмен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Олар азаматтардың шекарадан қиындықсыз өтуі үшін құжаттарды қолдан жасаған. Сот қаулысымен 9 адам қамауға алынды. Қазір олардың басқа да қылмыстарға қатысы бары анықталып жатыр. Сонымен қатар рейд кезінде жалған құжатпен шекарадан өтпек болған 10 шетел азаматы елден шығарылды. Ал жыл басынан бері «Қазығұрт», «Жібек жолы», «Қонысбаев» және басқа да шекаралық бекеттерде валютаны заңсыз айырбастаумен айналысқандардың жолын кесу үшін 40-тан астам тексеру жүргізілді.

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу