Оңтүстік Кореяда қар борап, 140-тан астам әуе рейсі доғарылып, 1200-дей мектеп уақытша жабылды. Сонымен қатар, 80-ге жуық паром теңізге шыға алмаған. Мұны «Рейтер» агенттігі хабарлады. Оның дерегінше, сәрсенбіден бері Оңтүстік Кореяда суық пен бораннан бес адам қаза тапты. Олардың біреуі жол апатынан жан тәсілім еткен. Және де 52 көлік соқтығысқанда 11 тұрғын жараланды. Қазір зардап шеккендерге көмек көрсетіліп жатыр.
Арыстан Рысбек