Қазақ поэзиясына ақиқаттың уытына оранған рухты өлеңдерімен айрықша леп алып келген ақын Ханбибі Есенқарақызы биыл 75 жасқа толды. Өзіндік үні мен әуені бар, кең тынысты кемел ақын осыған байланысты жырсүйер қауыммен жүздесіп, шығарамашылық еңбегін тағы бір түйіндеді.
Жүрек төрінен жыр ақтарған ақындар бір-бірінен суреткерлік, өмірлік құбылыстарға болған өзіндік көзқарастарымен ерекшеленеді. Қазақ поэзиясында шабытты шығармашылығымен танылған Ханбибі Есенқарақызының да өзге ақындардан дараланатын тұсы осы. Ол ақындықпен қатар Алаш қайраткерлерінің қаламгерлік мұрасын қайта тірілтуге мұрындық болды.
Ғалым Жайлыбай, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты:
Ханбибі - күллі Алаштың жүрегіне есімін жазған санаулы ақындардың бірі. Алаш қайраткерлері, қуғын-сүргін құрбандарын зерттеп, оған бірнеше кітап арнауы оның тұлғалық қасиетін, қайраткерлігін танытады.
Поэтикалық кеште жастар ақынның отты жырларын жатқа айтты. Ақын жазушылар лебізін білдірді. «Ханбибінің биігі» республикалық мүшәйрасы қортындыланды. Жыр бәйгесіне жолданған шығармалардың ішінен 10 ақынның өлеңі үздік танылды. Ханбибі Есенқарақызы мерейтойға орай «Көктеммен қоштаспаған күз» атты жыр жинағын және бірнеше туындысын кітап етіп шығарды.
Ханбибі Есенқарақызы, ақын, «Барыс» және «Парасат» ордендерінің, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері:
Сондай-ақ, көрші халықтың классик жазушысы Насыр Фазылдың «Еске алсам көңілім жадырар» деген кітабын аударып, кітап етіп басып шығардым. Ол да бүгін қолыма тиді.
Ақын мерейтойы екі күнге созылмақ. Ғылыми конференция, көрме өткізіледі. Ал бүгін көпшілік Жұмат Шанин атындағы драма театрда «Сендегі менді өшірме сахналық қойылымын тамашалайды.
Ғани Қалмаханов