Түркия нарығында 600 млн доллар жалған ақша айналымда жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия нарығында 600 млн доллар жалған ақша айналымда жүр

28.11.2024

Түркия нарығына көршілес елдерден контрабандалық жолмен 600 млн жалған доллар кіргізілген. Сондықтан алдағы он күн бойы айырбастау пункттері мен банктер 50 және 100 долларлық ескі купюраларды алмайды. Мамандар жалған ақшалардың қағазы мен бояуының сапасында мін жоқ, адамдар түгілі банкоматтар мен ақша санайтын машиналар да айыра алмайды дейді. Сондықтан қазір елдегі барлық банктер мен айырбастау пункттерінде жалған ақшаны анықтайтын құрылғылардың бағдарламасы жаңартылып жатыр. Бұл мәселе шамамен 10 күн ішінде шешіледі дейді мамандар. Ал Түркияға Иран мен Балқан түбегі елдерінен жалған ақша кіргізген деген күдікпен тоғыз адам қамауға алынды.

Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу