Мұнай бағасы өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай бағасы өсті

29.11.2024

Бүгін әлемдік нарықта мұнай қымбаттады. «Брент» маркалы мұнай баррелінің құны 72,8 долларға дейін өскен. Ал «ВиТиАй» сұрыбы 0,6 пайызға өсті. Бұған шикізатты тасымалдауда ықтимал қиындықтар ықпал еткен. Дәлірек айтсақ, Израиль мен «Хезболла» Ливандағы бітімді бұзды деп бірін-бірі айыптады. Мұнай бағасына осы жағдай әсер етіп отыр. Бұған қоса, ОПЕК+ мүше-елдердің министрлерінің кездесуі келесі аптаға қалуы да, мұнай нарығындағы белгісіздікті күшейтті. «Голдман Сакс» инвестициялық банкінің болжамына сай, жыл соңына қарай мұнай бағасы 80 долларға дейін өсуі, ал келер жылы 76 долларға дейін арзандауы мүмкін.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу