Ресейдегі қазақтар ұлттық өнерді ұлықтап жүр. Мәселен, Мәскеудегі Қазақстан ұлттық павильонында отандастарымыз домбыра курстары мен ұлттық өнер үйірмелерін қайтадан жандандырды. Сонымен қатар құрақ құрау технологиясы бойынша да үйірме ашылды. Жалпы Мәскеу қаласы мен облысында 100 мыңға жуық қазақ тұрады. Қандастар қазақ тілін ұмытпай, салт-дәстүрді жаңғырту парызымыз дейді.