Ақтөбеде заңсыз аңшылық тыйылмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде заңсыз аңшылық тыйылмай тұр

30.11.2024

Ақтөбе облысында заңсыз аң аулау тыйылмай тұр. Қазірге дейін осындай он дерек тіркелді. Тек киік мүйізінен келтірілген шығын көлемі 105 миллион теңгені құрады.

Сондықтан ақбөкенді қорғау шаралары күшейеді. Оның үстіне күйек маусымының басталуына байланысты бұл жұмыстарға қосымша 36 инспектор мен 6 жол талғамайтын көлік жұмылдырылған. Бұл шара бір жарым айға созылады. Соңғы санақ бойынша елде 3 миллионға жуық киік болса, Ақтөбе облысы аумағында олардың үш популияциясы бар. Мамандардың айтуынша, күйек кезеңінде табиғи шығындар болады және ол табиғи заңдылық.

Әділкерей Әуелбаев, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:

Өлігін табатын болсақ, етін алып, қанын алып, тексеріп, ауру емес екеніне көз жеткізгеннен кейін залалсыздандырады. Жалпы киік саны өткен жылдармен салыстырғанда өсімі жоғары деңгейде.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу