Қарағанды облысында ірі есірткі зертханасы жойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында ірі есірткі зертханасы жойылды

02.12.2024

Қарағандыда ірі есірткі зертханасы жойылды. Қаладағы саяжайлардың бірінде синтетикалық есірткі өндіруге арналған ақ түсті ұнтақ заты бар 6 ағаш бөшке табылған. Одан бөлек 1 тоннадан астам шикізат пен 10 келіден астам дайын «альфа-pvp» есірткі заты тәркіленген. Бұл шамамен 500 мың дозаға жуық синтетикалық есірткі.

Әзірге күдікті 1 адам ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.

Жанддос Бақытұлы

Хабарламаларға жазылу