Грузия оппозициясы шеруін жалғастырып жатыр. Олар биліктің Еуроодаққа қосылу келіссөзін кейінге қалдыру туралы шешіміне наразы.
Демонстрация ел астанасы Тбилиси, Батуми, Поти, Кутаиси тәрізді ірі қалаларында өтіп жатыр. Полиция демонстранттарды тарату үшін су шашып, көзді жасаурататын газ қолданды. Ал шеруге шыққандар тәртіп сақшыларына петардалар лақтырып, отшашу ұйымдастырған. Полиция Тбилисидегі Руставели алаңын жабуға тырысқанымен, демонстранттар парламент ғимаратына дейін барды. Акция барысында 200-ден астам адам ұсталған. Оппозиция парламент сайлауын өткізуді талап етті.
Алайда премьер-министр Ираклий Кобахидзе бұл үндеуден бас тартты. Елде Украинадағы майданның өтуіне жол бермейтінін мәлімдеді.
Арай Төлегенқызы