Еурокомиссияның жаңа құрамы іске кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еурокомиссияның жаңа құрамы іске кірісті

02.12.2024

Еуропалық комиссияның жаңа құрамы бес жылдық міндетін атқаруға кірісті. Урсула Фон дер Ляйен екінші рет комиссия төрағасы боп сайланды. Ал, Еуропалық кеңестің төрағалығына португалиялық саясаткер Антониу Кошта, Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі боп Эстонияның экс-премьер-министрі Кая Каллас тағайындалды. Еурокомиссияның жаңа құрамы Еуропаның қорғанысын күшейтіп, бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздеп отыр.

Инновацияға инвестиция құйып, климаттың өзгеруімен күрес, миграцияны басқару, заңның үстемдік етуі сынды мәселелерге басымдық бермек.
Сондай-ақ, Украинаны қолдауға күш салмақ.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу