Оралдық триатлоншы Антарктиданың мұздай суынан жүзіп өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралдық триатлоншы Антарктиданың мұздай суынан жүзіп өтті

02.12.2024

Оралдық триатлоншы Әнел Сытдықова Антарктиданың мұздай суын тоқтамастан жүзіп өтті. Ол 750 метр қашықтықты 18 минут 58 секундта еңсерген. Судың температурасы -1,4 градус болған. Халықаралық қысқы жүзу қауымдастығы ұйымдастырған жарысқа АҚШ, Франция, Ұлыбритания және тағы басқа елдерден 13 жүзуші қатысқан. Әнелдің айтуынша, «Айсбергтер мен пингвиндер арасында жүзудің әсері бөлек». Қазір ол отбасымен Лондонда тұрып жатыр. Бірақ барлық жарысқа Қазақстан атынан қатысып, еліміздің көк туын желбіретіп жүр. Ол триатлоннан Қазақстаннан шыққан тұңғыш «Темір ханшайым» және бірінші Ironman, Ultraman атағы бар. Спортшы бұдан бес жыл бұрын қазақстандықтардан алғаш рет әйгілі Ла-Манш бұғазын гидрокостюмсіз жүзіп өтті. Кейін атақты Манхэттен аралы мен Каталина бұғазын бағындырды.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу