Антикор ИЫҰ мұше елдердің жемқорлыққа қарсы органдарымен ынтымақтасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Антикор ИЫҰ мұше елдердің жемқорлыққа қарсы органдарымен ынтымақтасуда

02.12.2024

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тұрақты негізде халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру бойынша жұмыс жүргізеді. Қатарда Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет делегациясы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдердің жемқорлыққа қарсы органдарының Екінші министрлік кездесуіне қатысты. Жиында жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы, қылмыстың алдын алу, цифрлық шешімдерді енгізу мәселелері бойынша қазақстандық тәжірибе таныстырылды. Иордания Хашимит Корольдігінің адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясының төрағасы Муханнад Хиджазимен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл құжат Қазақстан мен Иорданияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдары арасындағы екіжақты өзара іс-қимылды нығайтады. 

Данияр Бегайдаров, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын, заңнамалық бастамаларды іске асыру, алдын алу және қылмыстық-құқықтық шараларды қолдану, цифрлық шешімдерді енгізу, оның ішінде «ақшаны бояу», қылмыстық активтерді іздеу және қайтару мәселелері бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қазақстандық тәжірибесін таныстырды.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу