Германияға қазақстандық мұнай жеткізілетін «Дружба» құбыры желісі тесіліп, мұнай төгілу дерегі тіркелді. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады. Оқиға 1 желтоқсан күні Польшаның Пнева қаласының маңында болған. Кейбір шетелдік баслымыдардың мәліметінше, құбырдан мұнай төгілгенін алғаш болып Поьшаның өрт сөндіру қызметі анықтаған. Энегетика министрлігінің баспасөз қызметі зақымдалған құбыр желісі бойынша мұнай тасымалы тоқтақтылғанын мәлімдеді. Қазір мұнай екінші желі арқылы Германияның Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына тасымалданып жатыр. Айта кету керек, 2024 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша осы бағытта қазақстандық мұнайды жеткізу кестеге сәйкес толық орындалды. Желтоқсан айына жоспарланған мұнай жеткізу 2024 жылғы 20-30 желтоқсан аралығында жүзеге асады деген жоспар бар.
Нұрсұлтан Тілектес