Бұл туралы «ЭКСПО» қалашығында өткен баспасөз мәслихатында Италияның Қазақстандағы елшісі Стефано Раваньян мәлімдеді. Дипломаттың айтуынша, шілденің 22-сі әлемге танымал Карло Филичи театры «Астана операда» астаналықтар мен қала қонақтарына арнап үздік қойылымдарын қояды. Ал, шілденің 23-ші күні белгілі әнші Люсьен Мирам қазақстандық өнерпаздармен бірге 4 күн бойы Астананың ескі алаңында концерт береді.
Сондай-ақ, Италияның бірнеше қаласынан келген өнер топтары демалыс күндері «ЭКСПО» қалашығында қонақтарға арнап ән-би кештерін өткізеді.
Альбина ӘШІМ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Италиялықтар Астанаға ерекше музыкалық тарту жасамақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/20338/)