Ердоғанның сөз сөйлеуіне кедергі келтірген 9 белсенді қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ердоғанның сөз сөйлеуіне кедергі келтірген 9 белсенді қамауға алынды

04.12.2024

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның сөзін бөлген 9 адам сотқа дейінгі тергеу барысында қамауға алынды. Оқиға мемлекет басшысы Ыстамбұлдағы форум кезінде сөз сөйлеп жатқанда болған. Бірнеше адам Ердоғанның сөзін бөліп, түрік үкіметін эмбаргоға қарамастан Израильге мұнай экспортын тоқтатпағаны үшін сынға алды. Сонымен бірге «геноцидті ушықтыруды тоқтат» деп ұрандатқан.

Полиция демонстранттарды шара өтіп жатқан ғимараттан шығарып жіберді. Кейін оларға «президенттің ар-намысына тиді және заңсыз шеруге қатысты» деген айып тағылған.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу