Небарі 6 жасында әлем чемпионы атанған Екібастұз тұрғынына Президенттің сыйлығы табыс етілді. Хадия Кунаева өткен айда Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан өткен әлем біріншілігінде 11:0 есебімен таза жеңіске жетті. Кішкентай жеңімпазды әкесі жаттықтырады.
Самат Кунаевтың джиу-джитсумен шұғылдануына омыртқа ауруына шалдығуы себеп болған. Спорттың арқасында сырқатты жеңіп, жеті баласының алтауын жекпе-жекпен айналысуға баулиды. Бүгінде олардың бәрі – спорт шебері. Хадияның алтын медалі отбасындағы тәрбиенің, тәртіптің жеңісі дейді Самат Кунаев.
Мемлекет басшысының сыйлығын Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов табыс етті.
Болат Аманбаев