Президент Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады

04.12.2024

Президент Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша ұлттық жобаның әзірлену барысы жөнінде ақпарат берілді. Оның аясында энергетикалық және коммуналдық сектордың қолданыстағы инфрақұрылымын жаңарту, 6 мың мегаваттан аса электр қуаты генерациясын іске қосу әрі жаңғырту жұмыстары жүргізілмек. Жобаның құны 10 триллион теңге.

Мелекет басшысы Қанат Бозымбаевқа аталған жобаны мұқият дайындап, жыл соңына дейін бекітуді тапсырды. Сонымен қатар Өңірлік саясат тұжырымдамасын белсенді іске асыру міндетін жүктеді.

Хабарламаларға жазылу