Заңсыз шығарылған активтер Интерпол арқылы қайтарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заңсыз шығарылған активтер Интерпол арқылы қайтарылады

04.12.2024

Елден заңсыз шығарылған активтер Интерполмен бірлесе қайтарылмақ. Бас прокуратураның активтерді қайтару жөніндегі комитеті Интерпол Ұлттық орталық бюросымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Оған сәйкес, қос тарап заңсыз қаржы операцияларының жолын кесу мен активтерді қайтаруда ақпарат пен тәжірибе алмасу үшін бірлесе жұмыс істейді.

Темірлан Нұрсолтанов

Хабарламаларға жазылу