БҚО-да алимент төлемеген борышкер қамалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да алимент төлемеген борышкер қамалды

05.12.2024

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданында алимент төлемеген тұрғын қамауға алынды. Сот балаларының алдында 1,1 млн теңге қарызы бар ер адамды бес күнге тұтқындауға шешім шығарды. Сондай-ақ, прокуратураның пәрменімен борышкерлердің пәтер, жер учаскесі, тұрғын үйдегі үлестері сатылып, 75,5 миллион теңге өндіріп алушыларға берілген. Алимент төлемегендердің арасында бар ақшасын құмар ойынға салып, бәс тіккен жеті адам анықталды. Биыл облыс бойынша алимент борышы 2,4 миллиард теңгеге жеткен еді. Оларды өндіру бойынша түрлі шаралар нәтижесінде қарыз 1,4 миллиард теңгеге азайған.


Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу