Ақтөбе облысының Шалқар ауданында ақбөкен атқан үш тұрғын ұсталды. Олар киікті сойып жатқан сәттерінде қолға түскен. Полицейлер «Ваз» автокөлігін тоқтатып, оның жүксалғышынан екі қап ақбөкен етін тапқан. Одан соң Шалқар қаласында өзінің гаражында киік етін бөлшектеп жатқан тұрғын қолға түсті. Қасында тағы екі адам болған. Олардан 8 ақбөкен ұшасы мен 6 мүйіз табылды. Күдіктілердің 11 киікті атып алғаны белгілі болды. Әр ұшаны тұрғындарға 35 мың теңгеден сатпақ болған. Тергеу амалдары басталды.
Жақсыбек Кемал