Биыл 845 мың азамат тұрақты жұмысқа орналасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 845 мың азамат тұрақты жұмысқа орналасты

05.12.2024

Биыл 845 мың қазақстандық тұрақты жұмысқа орналасты. Олардың жартысы жастар. Үкімет 2024 жылы атқарылған ауқымды жұмыстардың қорытындысын шығарды. Осы жылы бюджет шығыстарының 53 пайызға жуығы әлеуметтік салаларға бағытталған. Зейнетақы 9 пайызға, базалық зейнетақы 7 пайызға артты. Осылайша орташа зейнетақы 165 мың теңгеге жетті. Ең төменгі жалақы мөлшері де жыл басында көтерілген. Қаңтар айынан бастап ол 85 мың теңге болды. Цифрлық отбасы картасы арқылы 8,5 мыңға жуық адамға мемлекеттік қызмет көрсетілген. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында 18 жасқа дейінгі балалардың шотына 695 млн доллар аударылды.  

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу