Үш күнде 7 тоннадан астам заңсыз спирт өнімі тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш күнде 7 тоннадан астам заңсыз спирт өнімі тәркіленді

05.12.2024

Үш күнде 7 тоннадан астам заңсыз спирт өнімі тәркіленді. Сонымен қатар 160 мыңға жуық акцизі жоқ темекі қорабы, 26 мыңнан астам вейп және олардың 34 мыңға жуық картриджі заңсыз айналымнан шығарылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Қазір ел аумағында алкоголь және темекі өнімдерінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Мәселен Павлодар облысында 30 жастағы тауар иесі ұсталды. Тәркіленген бұйымдардың жалпы сомасы 150 млн теңге көлемінде. Ал Алматы облысындағы жекеменшік үйде орналасқан жасырын цехтан жалпы құны 4 жарым млн теңгеден асқан 3 тонна 225 литр заңсыз алкоголь өнімі табылған. Жедел-профилактикалық әрекеттер нәтижесінде қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша 17 іс қаралып жатса, 18 әкімшілік іс жүргізу басталды. 

Қаракөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу