Биткоинның бағасы алғаш рет 100 мың доллардан асты. Дональд Трамп президенттік сайлауда жеңіске жеткелі ол 45 пайызға қымбаттап отыр. Кейбір бақылаушылардың ойынша, бұл ақшаның өсуіне АҚШ-тың жаңа әкімшілігі криптовалютаны реттеу тетіктерін жеңілдетеді деген болжам себепші. Сонымен қатар, Конгреске биткоинға жақтас бірнеше адам сайланған. Айта кетсек, сайлау алдында Трамп Құрама Штаттарды «Әлемнің крипто астанасына айналдырып, биткоиннан ұлттық қор жинайтынын» мәлімдеген еді.
Арыстан Рысбек