Кубаның ұлттық электр жүйесі істен шығып, миллиондаған адам жарықсыз қалды. Қазір энергетикалық нысандар жөнделіп жатыр. Алайда халықтың алтыдан бір бөлігіне ғана қуат қайта берілген. Қиын жағдайға байланысты мектептер жабылып, аса маңызды емес мемлекеттік мекемелер қызметін уақытша тоқтатты. Дегенмен госпитальдар мен су станциялары энергиямен үнемі қамтамасыз етілмек. Сарапшылардың ойынша, Кубаның мұндай дағдарысқа ұшырауына отын тапшылығы, табиғи апаттар және экономикалық дағдарыс себеп.
Арыстан Рысбек