Жетісу облысы «Таза бейсенбіні» дағдыға айналдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысы «Таза бейсенбіні» дағдыға айналдырды

05.12.2024

Жетісу облысындағы Текелі моноқаласында да «Таза бейсенбі» акциясы тұрақты түрде өткізіліп, «Аманат» партиясының мүшелері апта сайын шаһарды жинастыруға шығады. Себебі тау бөктерінде орналасқан елдімекенге елімізден және шетелдерден туристер жиі қатынайды. Орталық Азиядағы 33 шақырымға созылған ең ұзын көшесі бар қалада Текелі, Шажа, Қора өзендері қосылып, Жетісудың бір маржаны Қаратал өзені бастау алады. Сондықтан өзен жағаларын таза ұстау қала тұрғындарының жауапкершілігіне жатады дейді аманаттықтар.

Арман Қожабек, Текелі қалалық мәслихатының депутаты:

Мұндай акциялар бізге керек. Бұл келесі жылда да керек. Әрине мына көшені тазартып жатқан халыққа қарап, басқа өтіп жатқан халық та ұялады ғой қоқыс тастауға шыны керек. Мәдениетіміз, санамыз бәрі өзгереді. Керек осындай акциялар.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу