Қостанай облысында канал суы арнасынан асып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында канал суы арнасынан асып кетті

05.12.2024

Қостанай облысының Қарасу ауданында канал суы бақылаудан шығып, елдімекендерге қауіп төндіре бастады. Жергілікті жұрт осылай деп дабыл қақты.

Бейнежазбадан су Новоселов ауылының жанындағы зиратты жағалай қазылған орға ағып келіп жатқанын байқауға болады. Тереңдігі 14, ені 45 метр, ұзындығы 14 шақырым бұл канал көктемгі тасқында күре жолды және ондаған электр бағандарын басып қалған көл суын құрғату үшін қазылған. Мамандар «Каналдың арнасынан асуына ағын судың қарқыны күшейіп, ол аздай жолы қоқыспен бітелуі себеп» дейді. Қазір бұл жерде төтенше жағдай қызметі жұмыс істеп жатыр. Жағдай бақылауда. Жауаптылардың айтуынша, елдімекендерге қауіп жоқ. Канал қазылып болған 1 айдан аса уақытта көл суы жарты метрге төмендеген.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу