Ақмола облысында есірткі таратумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері сотталды. Барлығы 11 адам гашиш есірткі затын өткізуді ұйымдастырғаны үшін 3 жылдан 16 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Есірткі заттарын тарату «Telegram» мессенджеріндегі каналдарда байланыссыз тәсілмен жүргізілген.
Қылмыстық топ құрамында ұйымдастырушы, қоймашы, есепші, каналдардың әкімшісі, курьерлер және жарнамалауға көмектескен адамдар болған.
Нұргұл Ахметова