Астанада «Тәртіпті өзіңнен баста!» эстафетасы басталды. Қаржылық мониторинг агенттігі Еуразиялық Ұлттық университетімен бірлесе отырып, студенттермен қаржылық пирамидалар, дроп схемалар және лудомания сияқты мәселелерді талқылады. Агенттік қызметкерлері әрбір тақырып бойынша шынайы болған жағдайларды айтып, азаматтар арасында кездесетін қауіптерден және жинаған қаражаттарын жоғалтудан қалай сақтану керектігін түсіндірді. Жиынға мыңға жуық студент қатысып, пікір алмасты. Айта кетейік, бұл эстафета Қазақстанның барлық өңірлерінде жалғаспақ.
Жансая Айтуған, студент:
Бүгінгі кездесу маған болашақ қаржыгер маман ретінде өте пайдалы болды деп айта аламын әрі жастардың атынан айтатын болсам, кездесудің маңыздылығы тек қана бұл қаржылық сауаттылықты арттыру емес. Сонымен қатар еліміздегі Қаржылық мониторинг агенттігі жұмысының маңыздылығы, ол қандай рөл атқарады, соның ішінде нарықтық экономикада, қаржы жүйесінде қандай маңызды рөл атқаратыны туралы өте пайдалы болды деп айта аламын.
Темірлан Нұрсолтан