Елдегі мектептердің 60%-ы ауылда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі мектептердің 60%-ы ауылда

06.12.2024

«Ауыл мектептерінің әл-ауқатын қалай көтереміз?» Оралда өткен форумда осы мәселе жан-жақты қаузалды. «Ауыл» партиясының өңірлік филиалы ұйымдастырған іс-шараға 100-ден астам мұғалім мен мектеп, білім бөлімінің басшылары қатысты. Елдегі мектептердің 60% ауылдық жерде орналасқан. Ауылға жас мамандарды тарту, білім ұяларының техникалық, оқу-әдістемелік жағдайын жақсарту, білім сапасын жақсарту бағытында ұсыныс- пікірлер айтылды. Өзге де өзекті мәселелер талқыланып, оны бірлесіп шешу жолдары сараланды.

Темірғали Ескендіров, «Ауыл» партиясы облыстық өңірлік филиалының төрағасы:

«Ауыл» партиясы болғасын, біздің ең бірінші мақсатымыз – ауылды дамыту. Соның ішінде ауыл мектептеріне көңіл бөлу. «Қаладан ауылға» деген бағдарлама бар. Сол арқылы қаладан көшуге көмектесіп, қол ұшын беріп жатырмыз.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу