80 жылдан бері қазақ халқымен тату-тәтті өмір сүретін күрд этносы қамқорлық пен қонақжайлыққа дән риза.
Алматыда өткен «Бір ел – бір тағдыр» атты дөңгелек үстелге жиналған күрдтер бірауыздан осылай деді. Ассамблеяның ұйымдастырумын өткен шарада күрд этносының тарихы, өмір салты мен қоғамның түрлі саласының дамуына қосқан үлесі туралы айтылды. Отырыс аясында күрд мәдени бірлестігінің көрмесі өтті. Көпшілік назарына ұлттық бұйымдары мен киімдері, күрд тілінде басылып шығатын газет-журналдар мен кітаптар ұсынылды.
Айта кетейік, қазір елімізде 100 мыңға жуық күрд тұрады.
Халид Гасанов, күрд этносының өкілі:
Қазірге дейін көбі бұрынғы дәстүрлерін сақтап тұр. Тілді сақтап тұр. Кейбір ауылдардағы мектептерде күрд тілінде сабақ өткізіліп тұр. Бәрі қазақша жақсы үйренді, қазақ тілінде оқыды мектепті. Оны міндетті түрде білуі керек. Қазақ халқы бізді қарсы алып, бір нанды бізбен бөліскен.
Айдана Қуантхан