Бас шаһардағы «Қазақстан» орталық концерт залында италиялық музыканың «Сан-Ремо жұлдыздары Астанада» атты концерті өтті. Концертке италиялық эстраданың аңызға айналған әншілері Тото Кутуньо, Робертино Лоретти, сондай-ақ «Ricchi e poveri» және «Hit Italy» топтары қатысты. Кеш барысында артистер 80-ші жылдардағы хит әндерді орындады.
Мәдени шара «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өтті. Сондай-ақ, Қазақстан мен Италия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына орайластырылған. Осылайша, Астана тұрғындары мен қонақтары әлемге танымал әншілердің ең таңдаулы туындыларын тыңдап, бірге шырқады.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада «Сан-Ремо жұлдыздары Астанада» атты концерті өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/20361/)