Жаңа жылда темір тұлпар мінгісі келетіндерге жақсы жаңалық, енді кредитке көлік алу жеңілдейді. Яғни, бұған дейін болған бірқатар талап алынып тасталады.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк және микроқаржы қызметін реттеу мәселелеріне түзету енгізбек. Мәселен, 1 сәуірден бастап жыл соңына дейін қарыз алушының барлық өтелмеген кредиттері мен қарыздары бойынша төлемдердің ай сайынғы табысына қатынасы жаңа автокөлік сатып алуға несие беру кезінде есепке алынбайды. Нақтырақ айтсақ, жаңа көлік бойынша бастапқы жарна 50% болса және зауыттан шыққанына үш жыл болған көлік бойынша 30%-дан 50%-ға дейінгі бастапқы жарна салынса, алдағы екі жыл көлемінде қарыз бойынша борыш жүктемесі коэффициенті талабын уақытша тоқтата тұру көзделеді. Айта кету керек, барлық түзету нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланады. Бүгінде елімізде 4 млн 600 мың көлік бар. Оның 2 миллионнан астамының жүргеніне 20 жылдан асқан. Ал жаңа көліктердің үлесі 6 пайыздан аспайды.
Нұрсұлтан Тілектес