Прокурорлардың қатысуымен жылына шамамен 30 мың қылмыстық іс қаралады. Бұл құқық қорғау органдарының түпқазығына айналған прокуратура жұмысының ауқымын аңғартады. Осыдан тура 33 жыл бұрын құрылған жоғары қадағалау органы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекет пен қоғамның мүдделерін қорғап, заң мен тәртіпті қамтамасыз етіп келеді.
2022 жылдан бастап Прокуратура туралы заңға конституциялық мәртебе беріліп, Конституциялық сотқа тікелей жүгіну құқығына ие болды. 2023 жылдың басынан бастап азаптауларды сотқа дейінгі тергеп-тексеру тек прокурорлардың ғана құзыретіне берілді. Яғни бүгінде прокуратура қызметі қылмыстық-құқықтық саланың барлық кезеңін қамтып отыр.
Серік Жұмабек