Мемлекет басшысы Қатар мемлекетіне жұмыс сапарымен барып, Доха форумының ашылу салтанатына мәртебелі мейман ретінде қатысты.
2003 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан халықаралық жиын биыл «Диалог, дипломатия және алуантүрлілік» тақырыбына арналды.
Басқосуда геосаясат, экономикалық даму, жаңа технологиялар, жасанды интеллект, энергетика және азық-түлік қауіпсіздігі секілді өзекті мәселелер талқыланды. Түйткілдерді шешуге бағытталған ұсыныс-пікірлер мен идеялар айтылады.