Ұлттық музейде «киелі кимешек» көрмесі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық музейде «киелі кимешек» көрмесі өтіп жатыр

07.12.2024

«Киелі кимешек». Астанада ұлттық бас киімді ұлықтаған көрме ашылды. Ұлттық музейде этнодизайнер Тілек Сұлтан өзі тіккен және жинақтаған түпнұсқа 30 кимешекті көпшілік назарына ұсынды. Ұлттық нақыштағы киімдер түрінен дефиле ұйымдастырылды. Аналарымыздың бас киімді кию әдісі мен түр-түсіне қарап-ақ олардың жасы мен елін танып-білу мәдениеті туралы құнды деректерді бөлісті.

Тілек Сұлтан, этнодизайнер:

Бөкей ордасының қазақтарының тарихи көне суреттерін көрсеңіздер, тура осындай жаулықпен түскен суреттер өте көп. Кіші жүз қазақтарында қос жаулық, бұрама жаулық деп аталады.

Бұл Орта жүз Абақ керейлердің кимешек үлгісі. Ішкі бөлігі кимешек деп айтады. Ал сыртынан тартылатын бұны шылауыш деп атайды. Төбелдірігі зерленеді және үкі тағылады. Бұл жерде үкі көбінде жас келіншектерге.

Осылайша шеберлік сабағында этнодизайнер көрмеге келген қонақтарға кимешек кию мен шылауыш орау әдісінің алуан түрін көрсетті.

Қарагөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу