Алматы облысында құдыққа түсіп кеткен екі бала құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында құдыққа түсіп кеткен екі бала құтқарылды

09.12.2024

Алматы облысында құдыққа түсіп кеткен екі бала құтқарылды. Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында бір жасар бала тереңдігі екі метр болатын құддықа құлап кеткен. Оны көріп, көмекке асыққан сегіз жасар әпкесі де құдыққа түсіп, қайта шыға алмаған.

Балалардың ата-анасы дереу құтқарушыларға қоңырау шалған. Құтқару қызмкерлері жедел жетіп, арқанның көмегімен бүлдіршіндерді шығарып алды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.  

Ернұр Медет

Хабарламаларға жазылу