Алаяқтар енді мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшылығы тарапынан жалған хабарламалар таратуға көшкен.
Ведомствоның ақпаратыша, алаяқтар Telegram және WhatsApp мессенджерлерінде жалған аккаунттар ашып, агенттік төрағасы Дархан Жазықбайдың атынан хабарламалар таратқан. Агенттік қазақстандықтарды жалған хабарламаларға сенбеуге, жауап бермеуге және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырады.
Аида Ахметбек