Жапонияда демографиялық дағдарысты еңсеру мақсатында 4-күндік жұмыс аптасы енгізіліп жатыр. Жаңа ереже Токиода сәуір айында күшіне енеді.
Айта кетсек, Күн Шығыс елінің халқы 8 жыл қатарынан азайып келеді. Себебі жұмысбастылықтан жастар үшін отбасын құрып, балалы болу қиындап барады. Сонымен қатар, жапондық ата-аналарға жартылай демалыс беруді жиілету көзделіп отыр. Мұның нәтижесінде жұмыскерлерде балаларына көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік пайда болады деген үміт бар.
Арыстан Рысбек