Талдықорғанда Жетісу өңіріндегі алғашқы үстел теннисі орталығы ашылды. Ауданы 2100 шаршы метрден асатын спорт нысаны облыста жұмыс істеп жатқан ірі кәсіпорындардың демеушілігімен салынды. 1,3 млрд теңге инвестиция тартылды. 250 орындық көрермен залы бар кешенде 12 үстел қойылып бір мезетте 20-дан астам спортшы жаттыға алады.
Қазірдің өзінде теннис мектебінде 130-дан астам адам тұрақты түрде спорттың осы түрімен айналысып келеді. Ал еліміздегі үстел теннис орталықтарының саны 11-ге жетіп, 245 мың адам қызығушылық танытып отыр. Олардың қатарында мектеп оқушыларының үлесі басым.
Заңғар Алғабек, Оқушы:
Ең бірінші теннисті бастаған кезде маған қызық болмаған. Одан кейін екінші, үшінші рет жарысқа барып орын алғаннан кейін қызығып, өзімнің зейінім ашыла бастады осы тенниске. Бір рет республикаға, облыстан 2 рет бірінші орын алдым. Ауданнан көп жарыстардан орын алып жүрмін. Болашақта Олимпиадаға шығам деген ой бар.
Қуаныш Қанатұлы