Биыл Қаржы мониторингі агенттігі 20 млрд теңгеден астам шығын келтірген қаржы пирамидалары бойынша 67 қылмыстық істі анықтады. Агенттік пен білім министрілігі бірлесіп, елде 100-ден астам жоғары оқу орындарында құқықтық мәдениет және қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі вебинар ұйымдастырды.
Нәтижесінде қаржылық пирамидаларға қатысты қылмыстар әшкереленген. Күдіктілер жымқырған қаржының бүгінде 13 млрд теңгеден астамы өтелген. Сондай-ақ интернет кеңістігінде жұмыс істеген 47 қаржы пирамидасы тергеліп, оған қатысты сайттар бұғатталды. Жалпы ғаламтордағы пирамидаларға 2 миллионға жуық адам салым салған.
Динара Жарқынбек