Таиландтың Чиаңмай қаласында бокстан Азия чемпионатының ерлер арасындағы жартылай финалдық кезеңі аяқталды. Додада Қазақстан құрамасының 9 былғары қолғап шебері финалға шықты. Отандық боксшы Ерасыл Жақпеков қана өзбек спортшысынан есе жіберіп, қола жүлдені еншіледі. Финалдық жекпе-жек 11 желтоқсан күні өтпек. Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасының 5 боксшысы финалға шыққан еді.
Айбек Оралбай, бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі:
Өзім жаңа салмаққа ауысқалы шетелдегі бірінші жарысым, бұйырса бұдан да мықты болуға барымды саламыз. Бұйырса сол жекпе-жекте жігіттермен өзім бар күш салып қазақ елін қуантамын деп сөз беремін.
Аида Ахметбек