2024 тарихтағы ең ыстық жыл деп аталды. Еуропа Одағының Климаттың өзгеруін бақылайтын «Коперник» қызметі осылай деп мәлімдеді. Орталық ғалымдары зерттеуін 1940 жылдан бері жүргізіп келеді. Оған сай биыл алғаш рет ғаламдық жылыну қарқыны Париж келісімінде көрсетілген деңгейден асып кеткен. Зерттеушілердің болжамына сай, келер жылдың алғашқы айларында да ыстық күн райы тіркелуі мүмкін. Ғаламдық жылынудың негізгі себептері ретінде мұнай, көмір және табиғи газды үздіксіз жағу әрекеттері аталып отыр.
Арай Төлегенқызы
