Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында Шиелі ауданындағы «Оқшы ата» кесенесінің айналасы абаттандырылды. Тұрғындар көп келетін тарихи кешен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» күре жолының бойында.
Демеушілер есебінен жол жиегіне жарық шамдар қойылды. Жанынан 4 гектардан астам қалың тоғай болған жер тегістеліп, жан-жағы қоршалды. Бұл аумақ келешекте саялы бақ болмақ. Сондай-ақ күріштікке құятын каналдан арық тартылды. Аймақта ауа-райының жылы болуына байланысты ауыл тұрғындары осы күнге дейін 5 мың түп тал шыбықтарын отырғызып үлгерген.
Мейірбек Жолдасбеков, Жөлек ауылдық округінің әкімі:
5 мың түп көшеттің ішінде осы жергілікті жерге, климатқа бейімделген ағаштар егілді. Көктемде осының бәріне су қойып, тағы да қосымша септеп, шықпай қалған жерлерін қайтадан қолға аламыз.
Әділбек Серікұлы